Қарағанды шахтасында зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
17.08.2023 20:19
595
Қарағанды облысындағы көмір шахтасындағы өрт кезінде зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған 8 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, шахтерлердің жағдайы ауыр.
Мақажанов атындағы клиникаға 8 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, есін біледі, алайда, жағдайлары ауыр десе болады. 6 адам токсикология бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Айта кетейік, бүгін, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «Қазақстан» шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспадан өрт шықты.
Бөлісу:
