Қарағанды-Саран тас жолында көлік апатынан бір адам қаза тапты
Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
15.04.2023 19:15
3269
Қарағанды-Саран тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
15 сәуір сағат 17:30 шамасында Қарағанды-Саран тас жолында, Ақтас кентінен 2 шақырым жерде ВАЗ-2115 және Hyundai Elantra автокөліктерінің қатысуымен ЖКО болды.
Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда «Олжабай батыр» кітабының тұсаукесері өтті