Жаңалықтар

Қарағанды облысының шаруалары су шығынын азайтуға ниетті

Қарағанды облысының шаруалары су шығынын азайтуға ниетті
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 14.11.2024 07:29 666

Қарағанды облысының шаруалары су шығынын 1,5 есе азайтуға мүмкіндік беретін заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Омаров айтып өтті.

Бүгінгі таңда мемлекет суармалы судың әрбір текше метрінің құнының 60%-ын субсидиялау шеңберінде өтейді.

Келесі жылы филиал Жартас су қоймасындағы каналдарды күрделі жөндеуді жалғастырады. Биыл Жартас су қоймасының Жартас және Малокомспай магистральдық арналары учаскелерінің бетон беткейлері мен түбіне жөндеу жүргізілді, - деді Қарағанды облысы «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Ерғали Омаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға