Қарағанды облысының құтқарушылары он адамды құтқарды
Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
25.03.2023 17:50
851
Қарағанды облысының жолдарында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
25 наурыз күні сағат 11:20-да Осакаров ауданында «Приишимское ауылы-Шоқай станциясы» жергілікті маңызы бар автожолында құтқару операциясы жүргізілді. Осакаровка кентінен 53 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД күшімен автомобильдер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Көліктерде барлығы 10 адам болды, медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысының ТЖД ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.
Бөлісу:
