Қарағанды облысындағы су қоймасында балықшы құтқарылды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
28.12.2024 11:06
566
Қарағанды облысының Самарқанд су қоймасында балықшы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, ол өзінің жеңіл автокөлігімен қар құрсауында қалып, құтқару қызметін шақырды.
Құтқарушылар жедел түрде шақыру орнына келді. Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмай, Теміртау қаласына жеткізілді, - делінген мәліметте.
ТЖМ ескертеді: ауа райын бақылап, қолайсыз жағдайларда ұзақ сапарларға шықпауға тырысыңыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады
Келесі жаңалық
Арғын Нығматулинге тағылған айып белгілі болды