Қарағанды облысындағы елді мекендерде су өткізу арналары тазартылды

Қарағанды облысындағы су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелер бақылауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Ақтоғай ауданына ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев жұмыс сапары барысында Нарманбет және Қарасу ауылдарында болды.
Бұл ауылдарда құтқарушылар мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қорғаныс бөгеттерін нығайту және қапшық төсеу жұмыстарын жүргізуде. Абай, Сәуле, Қошқар, Сарытерек, Дуансы ауылдарында су өткізу арналарын қазу және су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Департамент басшысы қорғаныс бөгеттерін нығайту, су өткізу арналарын тазалау, су тасқыны қаупі бар елді мекендерде тәулік бойғы мониторинг жүргізу және аудандық су тасқынына қарсы штабтың жұмысын ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
