Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы ауылдардың атауы қазақшаланады

Қарағанды облысындағы ауылдардың атауы қазақшаланады
13.04.2023 11:34 2685

Қарағанды облысына қарасты бірнеше ауыл мен елді мекенге қазақша атау беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған.

«Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы Атамекен ауылы болып өзгертіледі.

Осакаров ауданының мына ауылдық округтері мен ауылдары:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;

Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;

Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;

Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;

Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;

Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;

Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы Жаңатоған ауылы деп ауыстырылады», – делінген.

Былтыр Осакаров ауданы «Сарыбел» деп аталатыны хабарланған. ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдаған еді. Алайда әзірге ресми түрде аудан аты ауыспаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға