Жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан полиция бастығының орынбасары қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан полиция бастығының орынбасары қаза тапты
Фото: instagram.com/policeofkaraganda 21.04.2025 17:56 147

Қарағанды облысында жол апатынан полиция бастығының орынбасары қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Қарқаралыға жақын жерде болған. Салдарынан Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Бекжан Құсайынов көз жұмды. 53 жастағы маман еңбек демалысында болған.

Бекжан Төлеуұлы қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастаған. Ал кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.

Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, – делінген облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға