Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
15.10.2023 19:28
1118
15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусының қатысуымен жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, -деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Барыс» овертаймда «Металлург» командасынан жеңілді