Жаңалықтар

Қарағанды облысында жасөспірім Қызыл кітапқа енген құсты сатпақ болды

Қарағанды облысында жасөспірім Қызыл кітапқа енген құсты сатпақ болды
Фото: polisia.kz 01.08.2024 13:18 585

Қарағанды облысында жасөспірім Қызыл кітапқа енген құсты интернет арқылы сатпақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген дала бүркітін 400 мың теңгеге сату туралы хабарландыруды анықтады. Оның авторы 17 жастағы жасөспірім екені белгілі болды.

Полиция мәліметінше, жасөспірім құсты даладан тауып алған және оның жойылып кету қаупі санатына жататынын білмеген.

Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлеріне заңсыз қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал дала бүркіті Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына уақытша сақтауға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға