Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
![Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды](/storage/storage/element/2023/08/28/mainphoto/65691/1200xauto_5NW4qJbYqod0K0bzzoyx08sMSmhyyac1wP0w7sdJ.jpg)
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
28.08.2023 09:10
1160
Қайғылы оқиға 27 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.
Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Резидентурада оқуға берілетін грант саны 70% артты
Келесі жаңалық
Көкшетауда суға батқан әйелді құтқарушылар аман алып қалды