Жаңалықтар

Қарағанды облысында төрт ауылда карантин жарияланды

Қарағанды облысында төрт ауылда карантин жарияланды
Фото: Видеодан кадр 21.02.2024 10:00 979

Қарағанды облысындағы 4 елді мекенде жылқы арасында эпизоотиялық лимфангит ауруы тарап, карантин жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Қазір өңірде жылқы сойып, еті мен сүтін сатуға және қолдануға тыйым салынып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жықылар белгісіз кеселден қырылған еді. Зертханалық тексеруден соң оның лимфангит екені анықталды. Кейіннен Үлгі және Төрткөл бөлімшелерінде де мал арасында осы аурудың тарағаны мәлім болған. Сондай-ақ Қарқаралы ауданына қарасты Ынталы ауылында да екі жылқыға дерттің жұққаны белгілі болды. Мамандар тексеруінен кейін өңірде жалпы 180 бас малдың көзі жойылған. Тағы 10-ы оқшауланған. 

Аурудың белгілері: малдың денесін ірің жайлап, жүріп-тұра алмай қалады. Бір өкініштісі аурудың әлі күнге дейін емі жоқ. 

Лабороториялық қорытындыдан эпизотиялық лимфангит дәлелденді. Бұл ауруға "Отар" ғылыми-зерттеу институты вакцина шығарылған. Ол зертханалық  жай-күйде тексерілді. Вакцинаны карантин қойылған аумақтың сау малдарға егу жүргізуге дайынбыз, – деді облыстық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға