Жаңалықтар

Қарағанды облысында таудан әйел адамның денесі табылды

Қарағанды облысында таудан әйел адамның денесі табылды
Фото: ҚР ТЖМ 23.06.2024 16:14 476

ТЖМ күшімен таулы аймақтан 54 жастағы әйел құтқарылды, тағы бір әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысында 1970 жылы туған әйел құтқарылды, ол таулы аймақтан өздігінен түсе алмай, 112 қызметіне хабарласқан.

Оқиға орнына келген құтқарушылар әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, альпинистік жабдықты пайдалана отырып таудан түсіріп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ құтқарушылар өздігінен түсу кезінде қайтыс болған әйелдің денесін тапты.             

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға