Жаңалықтар

Қарағанды облысында шахтадағы өрттен зардап шеккен екі кенші үйге шығарылады

Қарағанды облысында шахтадағы өрттен зардап шеккен екі кенші үйге шығарылады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 29.10.2023 14:53 691

Костенко шахтасында зардап шеккен екі кенші ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Кеше Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада зардап шеккен кеншілерді емдеу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта мамандандырылған медицина топтары олардың жағдайын жақсарту үшін қолдан келетін ем-домды жасауда. Сонымен бірге, екі кеншіні жақын арада ауруханадан шығарылатыны белгілі болды.

Қарағанды облысының стационарларында қазір 24 пациент ем қабылдауда. Барлық зардап шеккендердің гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты, жағдайларының нашарлауы байқалмайды.  Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикология бөлімшесінде уытты газдармен уланған, жеңіл және орташа ауырлықтағы 20 пациент бар, олар детоксикациялық терапия және симптоматикалық ем алады.

Бір пациент ұсақ жарақаттармен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілді, Оның денсаулығының қалыпты жағдайы төмендемеген. Басқа зардап шегуші сол жақ пневмотораксы диагнозымен травматология бөлімшесінде, орташа ауырлықтағы жағдайда, сондай-ақ, онда да нашарлау жоқ.

Улы газбен уланған, жағдайы орташа ауырлық дәрежесіне жақын екі кенші "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" КМК-ның терапия бөлімшесінде емделуде.

Қабылдау-диагностикалық бөлімшелердің деңгейінде зардап шеккендер зерттеліп-тексеріліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді. Барлық пациенттерге барлық қажетті диагностикалық зерттеп-тексерулер мен манипуляциялар жүргізілді. Медициналық көмек көрсету үшін барлық бейінді қызметтер тартылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Травматология және ортопедия ғылыми орталығының, Нейрохирургия ғылыми орталығының республикалық мамандары консультациялар берді, сондай-ақ облыстық штаттан тыс мамандар тартылған.

Қазір оқиға орнында психологиялық көмек көрсету және үйлестіру шеңберінде 16 психолог жұмыс істеп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға