Жаңалықтар

Қарағанды облысында шахтадағы өрттен 11 адам бақилық болды

Қарағанды облысында шахтадағы өрттен 11 адам бақилық болды
Фото: facebook.com 28.10.2023 09:34 1583

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадан өрт шығып, жұмыс істеп жүрген 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұдан бөлек әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға 18 адам жеткізілген. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

Оқыстан болған апат уақытында аталған шахтада 252 адам болған. Олардың ішінде 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. Оның құрамына жауапты адамдар мен әріптестерім кірді. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететін 3 психолог жұмыс істеуде. Сенім телефондары жұмыс істейді: (8-7172) 49-72-70, (8-7212) 51-72-23. Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге боламыз және осы қиын күндерде сіздерді қолдаймыз", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға