Қарағанды облысында шахтада қайтыс болған адамдар саны 35-ке жетті

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
29.10.2023 09:21
1100
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайтыс болған адамдар саны 35 адамды жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылған. Олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Аза тұту күні: Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қаралы күндер
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды