Қарағанды облысында қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
01.02.2025 16:29
544
Қарағанды облысында Егіндібұлақ ауылынан 30 шақырым жерде қарға батып қалған екі азамат құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен құтқарушылар көлікті қардан шығарып, жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ қыс мезгілінде жолға шыққанда сақтық шараларын ұмытпауды және ауа райының құбылмалығын ескеруге кеңес береді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Атырауда жас жігіт көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды
Келесі жаңалық
Алматыда Кеңес Одағының батырларын еске алды