Қарағанды облысында пойыз үстіне шығып, тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
11.05.2023 12:45
1348
Қарағанды облысында тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазақстан теміржолы» ҰҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға 7 мамырда кешкі сағат 19:00 шамасында орын алған.
15 жастағы жасөспірім астық таситын жүк пойызының үстіне шыққан. Салдарын байланыс жүйесінің электр тоғы соғып, термиялық күйік алды. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін әсіресе теміржол бойындағы ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз, - дейді теміржол мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайын өте ауыр.
Денесінің жоғары бөлігінің 60%-ы күйген. Қазіргі күні жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
