Жаңалықтар

Қарағанды облысында майор есірткі партиясымен ұсталғаны расталды

Қарағанды облысында майор есірткі партиясымен ұсталғаны расталды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 11.11.2024 14:54 989

Сарыөзек әскери гарнизоны дивизионының командирі, майор Самат Асанов 10 қарашада Асанов Екатеринбург-Алматы трассасының бойында Geely Coolray көлігін жүргізіп келе жатып, жол ережесін бұзғаны  - нөмірсіз жүргені үшін ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның көлігін Приозерскіге, Қарағанды облысындағы айып тұрағына жеткізу барысында полиция 12 келі болатын ақ ұнтақ  зат салынған 18 вакум қабын тапты. 

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Қарағанды облысында әскери қызметшіден есірткінің ірі партиясы табылғанын растады.

Баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, 10 қарашада ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті Сарыөзек гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің демалыста жүрген әскери қызметшісін есірткі затын тасымалдау кезінде ұстады.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бұл оқиғаны жан-жақты және объектив тергеу мақсатында құқық қорғау органдарына толық көмек көрсетіп жатыр, - деді баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға