Қарағанды облысында көмір шахтасында тағы өрт шықты
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
27.08.2023 14:25
772
Қарағанды облысындағы "Саран" шахтасынан өрт шығып, кеншілердің зардап шегуі туралы ақпарат тіркелмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарайтын "Саран" шахтасындағы өрт түнде пайда болған. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылып үлгерді.
2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те "Саранская" шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп жазылған АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.
Бұған дейін 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шыққан болатын.
Апат кезінде шахтада 227 қызметкердің 222-сі жер бетіне шығарылды. Қалған бес кеншінің өлі денесі бірнеше күннен кейін табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші рет жеңді