Жаңалықтар

Қарағанды облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Қарағанды облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті
Фото: ТЖМ 19.07.2024 13:57 547

Қарағанды облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қарағанды облысы Әлихан Бөкейхан ауданында жеңіл автокөлік өртеніп кеткен. 

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 11 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз. 

Айта кетейік, экологияны қорғау мақсатында «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді. 22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға