Жаңалықтар

Қарағанды облысында көктемгі аң аулау маусымы сәуір айында ашылады

Қарағанды облысында көктемгі аң аулау маусымы сәуір айында ашылады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 29.03.2023 12:19 946

Қарағанды облысында бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулаудың көктемгі маусымы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

8–22 сәуір аралығында Шет және Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ "Айнабұлақ", "Құланөтпес", "Самарское", "Есен", "Киевское", "Пржевальское", "Черниговское", "Құмкөл", "Байсал"аңшылық шаруашылықтарында аң аулау маусымы басталады.

15–29 сәуір аралығында аң аулау Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы және Абай аудандарында басталады.

Аңшылардың жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болуы қажет. Оқ қаруымен аң аулау кезінде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсаттама болуы шарт.

Жануарларды мерзімдер мен түрлеріне сәйкес қатаң белгіленген жерлерде аулауға болады. Бұл жағдайда фауна тұрғындарының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту үшін жануарлар әлеміне мұқият болу керек. Сондай-ақ, оқ қаруымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Рұқсат беру құжаттары болмаған, аң аулау ережелерін сақтамаған, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлеріне аң аулау кезінде аңшылардың іс-әрекеттері браконьерлік ретінде бағаланады, ол үшін құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға