Жаңалықтар

Қарағанды облысында кәсіпкерлерді тегін бейіндік оқыту үшін төрт бағыт анықталды

Қарағанды облысында кәсіпкерлерді тегін бейіндік оқыту үшін төрт бағыт анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 22.02.2024 03:11 846

Биыл Қарағанды облысында «Кәсіпке бағыт» бағдарламасы бойынша бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін қандай бейінді курстар ұйымдастырылатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, төрт бағыт анықталды: мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жиһаз өндірісі. Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында хабарлады.

Атап айтқанда, курстар ауыл шаруашылығымен айналысқандар үшін пайдалы болады. Олар мал мен жылқы өсірудің ерекшеліктері, жылыжай шаруашылығының технологиялары, жемшөп дақылдарын өсіру туралы біле алады. Биылғы жылы өңдеу бағытына сүттен басқа ет пен жартылай фабрикаттар өндірісі де енгізілді, - делінген мәліметте.

Кәсіби мамандар өз білімдерімен бөліседі. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар сертификаттар алады. 

Курстарға өтінімдерді қабылдау қазірдің өзінде басталды. Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ӨКП-ға (Тәттімбет көшесі, 709) жүгінуге болады. Мұнда қатысу шарттары бойынша кеңес беріледі және өтінім нысанын ұсынады.

Байланыс: 8-775-104-90-44 (Саят Мұхтаров), 8-771-271-33-66 (Жанар Киштаева).

«Кәсіпке бағыт» – бұл бизнесті қаржылай емес қолдау құралдарының бірі. Тегін бейінді курстар «Мен кәсіпкер» жобасы аясында өткізіледі, оның мақсаты – кәсіпкерлік әлеуетті дамыту. Оқудан кейін бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерді одан әрі сүйемелдеу қарастырылған.

Өткен жылы Қарағанды облысында 44 кәсіпкер бейіндік оқытудан өтті. Олардың кейбіреулері кейіннен өз ісін дамыту үшін гранттар немесе жеңілдікті несиелер ала алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға