Жаңалықтар

Қарағанды облысында екі адам адасып кеткен

Қарағанды облысында екі адам адасып кеткен
Фото: ҚР ТЖМ 25.03.2025 02:22 392

Қарағанды облысында жолда адасқандарға ТЖМ құтқарушылары көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтоғай ауданының Нұркен ауылында Жалпаққайың қыстағынан Ақтоғай ауылы бағытында жаяу шыққан екі азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Белгілі болғандай, олар күндіз жолға шығып, бірақ өз бетінше баратын жеріне жете алмаған. ТЖМ күштері адасқандарды Ақтоғай ауылынан 13 шақырым жерде тапты. Медициналық көмекке олар мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға