Жаңалықтар

Қарағанды облысында далада қалған бес адам құтқарылды

Қарағанды облысында далада қалған бес адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ 13.02.2025 02:24 138

ТЖМ қызметкерлері бес адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысы Қарағайлы ауылынан 10 шақырым жерде қар құрсауында қалған бес азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, адамдарды Қарағайлы ауылына аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген мәліметте.

Ведомство азаматтарға қыс мезгілінде жолда жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға