Жаңалықтар

Қарағанды облысында білім саласында 300 млн теңге ұрланған

Қарағанды облысында білім саласында 300 млн теңге ұрланған
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.03.2025 18:22 116

Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді. Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға