Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер жол апатынан көз жұмды
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
26.02.2024 03:32
868
Қарағанды облысында белгілі кәсіпкер, нан магнаты Петр Васильченко жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Вечерняя Караганда басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақшатау ауылы маңында болған.
Петр Васильченко басқарған Mercedes көлігі мен Газель соқтығысты. Алған жарақаттарынан неміс көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жұбайы ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.
Петр Васильченко Қарағандыдағы нан өнімдерін дайындайтын "Орион" компаниясының негізін салушы және басқарушысы болған.
Сондай-ақ 2022 жылы ол Ерлан Нығматулиннен "Балқаш нан" комбинатын сатып алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қосшыдағы шаруашылық құрылысында өрт шықты
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді