Жаңалықтар

Қарағанды облысында автобус пен 16 көлік соқтығысты

Қарағанды облысында автобус пен 16 көлік соқтығысты
Фото: Видеодан алынған кадр 27.01.2024 09:31 832

Қарағанды маңында автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Жаппай жол апаты Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжолда болған. Салдарынан екі адам жарақат алып, олар ауруханаға жатқызылды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жолаушылар мен рейстік автобус жүргізушілерін, сонымен қатар зақым келген көліктерді қалаға апаттық құтқару қызметі жеткізді.

Жол-көлік апатына ауа райының қолайсыздығы себеп. Жолдар жабылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға