Жаңалықтар

Қарағанды облысында ауыл имамы 1 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген

Қарағанды облысында ауыл имамы 1 млн теңгесін алаяқтарға аударып жіберген
Фото: Бейнежазбадан скриншот 15.01.2025 20:12 111

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданының ауылдарының біріндегі имам Ресейден дәрі сатып аламын деп сан соғып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдағы дін қызметкері алаяқтарға қалай 1 млн теңге аударып жіберген. Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2024 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың біріндегі мешіт имамы алаяқтардың құрбаны болды. Қаскөйлер жәбірленушіні ресейлік фармацевтикалық компаниядан дәрі-дәрмекке тапсырыс бергені үшін өтемақы алуға болатынына сендірген. Сөйтіп, имам 20 күн ішінде олардың шотына 1 миллион теңгеден астам қаражатты өз еркімен аударған. Алаяқтардың алдауына түскенін түсінген соң, 2025 жылдың 13 қаңтарында полицияға жүгінген, - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға