Қарағанды облысында апат болған шахтада іздеу жұмыстары жалғасуда

Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен істеуде. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жалғасып келеді.
Құтқару күштері кеншілерді іздеуге шоғырланып, аталған жұмыстар электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық тудырып отыр.
Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілу үстінде. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазір барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түскені белгілі болды. Сондай-ақ, 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
