Жаңалықтар

Қарағанды облысында 47 жылқы мұз астында қалды

Қарағанды облысында 47 жылқы мұз астында қалды
Фото: polisia.kz 26.12.2024 23:37 256

Қарағанды облысында еркін жайылымда жүрген 47 жылқы суға батып кетті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, Қарқаралы ауданының полициясына бір ауылдың тұрғындары өздеріне тиесілі малдың жоғалғаны туралы арызданды. Жоғалған жылқыларды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды.

Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көліктермен және атпен аралады. Іздеу шаралары Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданында да жүргізілді. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жылқылар анықталды. Көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды. Жануарлардың иелері өз малын таныды, - делінген мәліметте.

Алдын ала болжам бойынша, түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұз жұқа болғандықтан жануарлар суға құлаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға