Қарағанды облысында 20 адам эвакуацияланды

Кеше Осакаров ауданында "Қызылорда - Павлодар" автожолының жабық учаскесінде Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күштерімен 5 техникалық ақаулы жеңіл автокөліктен 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде 1 бала бар. Құтқарылғандар Родниковское ауылына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланған:
- елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға;
- жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының кептелісін жасамауға;
- мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болуға кеңес береміз.
Ауа-райының өзгеруі және автожолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат "Дармен" мобильді қосымшасында, ТЖД-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында қолжетімді.
