Жаңалықтар

Қарағанды облысында 165 жаңа автобус сатып алынады

Қарағанды облысында 165 жаңа автобус сатып алынады
Фото: © Pixabay.com 24.05.2023 13:13 726

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыл соңына дейін Қарағанды облысында 165 жаңа автобус сатып алу жоспарлануда екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Автобус паркін жаңарту бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Биыл 165 жаңа автобус сатып аламыз. Оның 33-і серіктес қалалармен маршруттарда жұмыс істейтін болады. Барлық автобустар отандық өндіруші – Саран қаласындағы QazTehna зауытынан сатып алынады. 2021 жылдың соңында енгізілген «ONAY!» электронды билет жүйесі қоғамдық көлік жолаушыларының өмірін айтарлықтай жеңілдетті, - деп қосты әкім.

Қарағанды автобустарында да, облыс орталығын серіктес қалалармен байланыстыратын маршруттарда да жұмыс істейді. Жүйе билеттеу процесін ашық және жариялы етуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге қалааралық маршруттарда жол жүру құны екі есе арзандады.

Қарағанды агломерациясының 30 мыңнан астам тұрғыны үшін, атап айтқанда, күн сайын облыс орталығына келетіндер үшін бұл жақсы қолдау мен үнемдеу болды. Билеттеу жүйесімен Қарағандыдан Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай қалаларына, сондай-ақ Шахан және Топар кенттеріне маршруттар қамтылды. 1 мамырдан бастап Қарағандыда біз 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүруді қамтамасыз еттік. Жақын арада электрондық билеттендіруді енгізу мәселесі Балқаш пен Теміртауда пысықталатын болады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға