Жаңалықтар

Қарағанды облысында 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Қарағанды облысында 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 15.11.2023 14:19 1401

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында бір жарым трлн теңгеге 56 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ 13 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Биыл бес жоба іске қосылды. 380-нен астам адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы алты жаңа өндіріс орны ашылады. 1900-ден астам қарағандылық жұмыспен қамтамасыз етіледі, - деді облыс әкімі.

Осы жылдың 10 айында облыс өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгені құрады. Үшінші жыл қатарынан өңірді дамытуға салынған жеке инвесторлардың инвестициялары ұлғаюда. Аталған кезеңде облысқа шамамен 641 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 86%-ы жеке инвестициялар. Ермағанбет Бөлекпаев ең жоғары өсім байқалып отырған салаларды атап өтті. Бұл машина жасау, жеңіл және қағаз өнеркәсібі, фармацевтика, қара металлургия. Сондай-ақ облыс әкімі өңірде облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар моноқалалар мен аудандарда да құрылыс жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. Жыл соңына дейін аймақта 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, ал кезекте тұрғандар саны 700 адамға қысқаруы тиіс.

2025 жылға дейін Қарағанды облысында 22 мектеп салынады, оның 18-і «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша. Бүгінде 10 жайлы мектептің
құрылысы басталды. Сонымен қатар Қарағандыда тағы бір заманауи Оқушылар сарайы бой көтереді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға