Жаңалықтар

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: gov.kz 28.12.2022 11:23 1733

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Бауыржан Асанов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жаңа орынбасар аграрлық-өнеркәсіптік кешен, жер, ветеринария және табиғатты пайдалану мәселелеріне жауап береді.

Бауыржан Асанов 1968 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1992 жылы К.И. Скрябин атындағы Мәскеу ветеринария академиясын бітірді.

2003 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер дипломын алды. 2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін аяқтады. 2019 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында білім алды. Іскерлік әкімшілендіру докторы.

2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Әр жылдары Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астанадағы Халықты жұмыспен қамту департаментінің халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасын, Қарағанды облысының ветеринария басқармасын басқарды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Абай ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға