Қарағанды мектептерінде мерзімі өтіп кеткен дәрілер сақталған
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
26.02.2024 11:17
811
2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық прокуратура мәліметінше, қаладағы мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.
Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.
Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқықтары қорғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады