Жаңалықтар

Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Барлық пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды
Қарағанды маңында 14 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Фото: egemen.kz 17.11.2022 13:53 1573

Қарағанды облысында Қарабас өткелінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды El.kz

Аталмыш учаскеде барлық пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Төтенше жағдай бүгін таңертең болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

"Қарағанды-Сұрыптау — Ақадыр учаскесінің Қарабас — ОП 767 өткелінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ҚТЖ-ның хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының жолдан шығуына жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың ақауы себеп болған.

Оқиғаның мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

"Аталған факті Қарағанды — Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу бойынша тіркелді", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға