Жаңалықтар

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Фото: pixabay.com 23.07.2024 10:18 751

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген еді. Денесінің 85%-ін күйік шалған бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер сегіз науқастың алтауының жағдайын өте ауыр деп отыр.

Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, Қарағанды ​​ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшыны аман алып қала алмады. 1993 жылы туған, денесінің 85 пайызы күйіп қалған, осы уақытқа дейін өте ауыр жағдайда болған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз, - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Желіде ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің видеосы тараған еді. Кейінірек төтенше жағдайға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды.

Ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға