Қарағанды әкімінің телефонына хакерлік шабуыл жасалды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
02.03.2024 21:04
1569
Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов қала тұрғындарын өзіне ешқандай хабарлама жібермеуді сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің сөзіне қарағанда, оның телефонын хакерлер бұзған. Бұл туралы қала басшысы Instagram-да жазды.
Телефонымды хакерлер бұзды. Мән бермеңіздер және маған ештеңе жібермеңіздер! – деді ол.
Әзірге қала басшысы басқа мәліметтер жазған жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанайда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрды