Жаңалықтар

Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты

Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты
Фото: oxu.az 27.09.2023 13:27 1202

Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әзербайжан Республикасының Қарабақ экономикалық өңірінің орталығы – Ханкенді қаласындағы жанармай бекетінде жарылыс болып, 125 адам қаза тапты. Олардың денесі Арменияның Ереван қаласына жеткізілді. Жарылыстан жараланғандар саны 200 адамнан асты.

Жанармай бекеті Аскеран тасжолында орналасқан. Онда бензин цистерналары жарылған. Қарабақтағы армяндардың адам құқығы жөніндегі уәкілі Гегам Степанян жарылыстан күйіп, жарақат алғандардың көбісінің жағдайы өте қиын екенін айтты. Оның айтуынша, жарылыс Әзербайжанның арнайы операциясынан кейін армян халқы Қарабақтан Арменияға кетіп бара жатқанда болған.

Қазір соңғы мәліметке қарағанда, армяндар бұрын өздері тұрған елдеріне қайтып көшіп жатыр. Олар Армения, Ресей, Сирия, Ливан мен басқа да Таяу Шығыс елдеріне жолға шықты. Ал Қарабақтан Ереванға барған армяндардың саны 19 мыңнан асты. Армениялық БАҚ-тың хабарлауынша, шамамен 20-25 мың армян Қарабақта қалуды жоспарлап отыр. Егер Әзербайжан өңірінде армяндардың саны 20-25 мың болса, Ресей бітімгерлері ол аймақтан кетпейді. Ал Арменияның өзінде Таулы Қарабақтан жаппай көшіп келіп жатқандарға қарсылық басталып кетті.  Ереван мен басқа да қалаларда наразылық күшейіп жатыр.

Көшеге шыққан жүздеген адам ұсталған. 25 қыркүйекте ел астанасында 200 адам қаммауға алынды. Соған қарамиастан халық әлі де протестке шығып жатыр. Олар премьер-министр Никол Пашинян басқаратын Үкіметтің саясатына, Үкімет басшысының өзіне наразы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға