«Қара жәшіктер» қашан оқылады? Ластаев жауап берді
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
26.12.2024 20:27
274
Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерден табылған «қара жәшіктерді» оқу ұшақты өндіруші ел – Бразилиядан сарапшылар келгеннен кейін басталады. Бұл туралы 26 желтоқсанда Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық тергеу алгоритмі бар. Алдымен барлық жиналған мәлімет негізінде «қара жәшіктерді» оқу туралы шешім қабылдайтын комиссия құрылады. Ертең сарапшылар келіп, оларды талдағаннан кейін, оқуды қалай жүргізу керектігі туралы шешім қабылданады, – деп түсіндірді Ластаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайын болды – Марат Қарабаев
Келесі жаңалық
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады