Жаңалықтар

Қара түсті хиджаб киіп, Қазақстан туын ұстағандарға қылмыстық іс қозғалды

Қара түсті хиджаб киіп, Қазақстан туын ұстағандарға  қылмыстық іс қозғалды
Фото: Әлеуметтік желі 27.03.2025 19:30 1161

Әлеуметтік желілерде қара түсті хиджаб киіп, қолына Қазақстан туын ұстаған қыздардың фотосы тарады. Онда ел туына араб тілінде белгісіз сөздер жазылған. Аталған жайтқа қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, фото Атырау облысындағы мұз сарайында түсірілген. 

Атырау облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желіде таралған жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды,-делінген полиция мәліметінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға