Жаңалықтар

«Қара қыз» фильмінің тизері шықты

«Қара қыз» фильмінің тизері шықты
Фото: Ұлттық кино орталығынан 19.07.2023 13:10 1572

«Бәйтерек продакшн ШБ» ЖШС танымал отандық режиссер Талғат Теменовтің «Махаббат бекеті» жаңа жобасы «Қара қыз» фильмінің тизерін ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық кино орталығының мәліметінше, әскери драма екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі сарбаздарымыздың ерлігі мен батылдығы және қазақ қыздарының қайсарлығы туралы баяндайды.

Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдап шыққан. Нұрай үшін бұл кинодағы дебюттік рөл болса, ал Ерлан – көптеген телехикаялардан белгілі актер.

Сондай-ақ фильмде танымал актерлер Дулыға Ақмолда, Медгат Умиралиев және басқалар түскен. Картинаның түсірілімі өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Петропавл қаласының маңында, сондай-ақ Алматы облысының Ақши ауылында өтті.

Фильмнің саундтрегі «Қарағым-ай» композициясы болады. Оны фильм үшін арнайы Димаш Құдайберген орындайды.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен өндіріске енгізілді. Фильмнің бюджеті 547 миллион 636 мың теңгені құрайды. Картинаның премьерасы осы жылдың күзіне жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға