Жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Алматылықтарға ескерту жасалды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Алматылықтарға ескерту жасалды
Фото: pixabay.com 17.04.2023 19:16 726

18 сәуірде Алматыда жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» сейсенбі күні түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауатынын, сондай-ақ, жолда көктайғақ, тұман болатынын ескертеді. Түннің бірінші жартысында солтүстік-батыстан екпіні секундына 15 метр болатын күшті жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады, - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, түнгі уақытта ауа райының күрт салқындауына байланысты құтқарушылар тұрғын үйді газ плитасымен жылытпау, электр желілерді шамадан тыс пайдаланбау керек. Сондай-ақ ақаусыз электр қондырғыларын қолдануға шақырды.

Ағаштар мен бұта тамырларын аяздан қорғау үшін жер бетіне гумус, шымтезек субстраты және ағаш үгінділерін төсеуге болады. Олар ауаға толы борпылдақ қабат қалыптастырып, жылуды сақтайды. Өсімдіктерді аяз басталған кезде пленка немесе спунбонд материалдармен жапсаңыз, жылу жинап үлгермей қалуыңыз мүмкін. Егістікке арналған жерлердің жылуын сақтау үшін аталған іс-әрекеттерді алдын ала жасау қажет, - деп ескертті ТЖД.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға