Қар, тұман жел: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
18.11.2024 14:13
516
Қазгидромет 19-21 қарашаға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан аумағына кезекті солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, республиканың солтүстік жартысында бұрқасындатады.
Тек 21 қарашаға қарайреспубликаның батыс және солтүстік-батыс аймақтары ауқымды антициклонның аймағында болып, күн ашылады.
Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел тұрады. Температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.
Бөлісу:
