Жаңалықтар

Қар, тұман, жаңбыр: 11 наурызда ауа райы қандай болады

Қар, тұман, жаңбыр: 11 наурызда ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com 11.03.2025 09:32 361

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 наурызда ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Жезқазған қаласында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында тұман күтіледі.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға