Қар, тұман, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын жаңбыр, қар күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, 12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.
Ауа температурасы шығыста түнде 3-11 жылыдан 3 аяз - 8 жылыға дейін, күндіз 10-22 жылыдан 4-15 жылыға дейін, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 10-18, таулы аудандарда 2-7 жылыдан 0-10 жылы, таулы аудандарда 0-5 аязға дейін, күндіз 22-27, таулы аудандарда 10-15 жылыдан 7-15, таулы аймақтарда 0-5 жылыға дейін төмендейді.
