Қар, тұман, көктайғақ: 27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 27 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады.
