Қар, көктайғақ: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 25 наурызда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде түнде қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Қарағандыда түнде және таңертен тұман, көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі, облыстың батысында, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман болады, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қызылордада солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
