Қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа ілінді
Фото: facebook.com/januarlaralmi
Фото: facebook.com/januarlaralmi
26.11.2024 09:05
347
«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркіндегі фототұзақ сирек кездесетін жануарларды жақыннан түсіріп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәлімдеуінше, бұл парк аумағында олардың мекендеуіне қолайлы жағдай жасалған.
Бейнежазбадан түнгі уақытта парк аумағын емін-еркін аралап жүрген қар барысын көруге болады. Сонымен қатар фототұзаққа түскен Түркістан сілеусіні өз жемтігін байқаған бойда секіруге дайындалып, бірақ соңғы сәтте райынан қайтады, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерке Есмахан ерекше әшекей ойлап тауып, сатылымға шығарды
Келесі жаңалық
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді